Пост-релиз (каз)

Пост-релиз (каз)

PHAETON EXPO’2019 – ОҢТҮСТІК ЕКПІНІ БАР ДӘСТҮРЛІ ТАБЫС

7 - 8 СӘУІРДЕ ШЫМКЕНТ Қ. КӨРМЕ КЕШЕНІНДЕ «PHAETON EXPO’2019» АВТОБӨЛШЕКТЕР, АВТОҚҰРАУЫШТАР, АВТОМОБИЛЬДЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚ ПЕН ТАУАРЛАРДЫҢ ҮШІНШІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІ ӨТТІ.

Өндіруші мен ақырғы тұтынушы арасындағы ашық сұхбатқа арналған PHAETON EXPO’2019 бірегей алаңы биылғы жылы автосервис нарығының көшбасыларын біріктіріп, іс-шараның өткізілуі жылдарында айтарлықтай өсуді көрсетті. Толымдауыштардың өндірушілері мен жеткізушілері болып табылатын 37 қатысушы компаниядан бастап әлемнің 12 елінің ресми импорттаушылары мен дилерлеріне дейін автосервис және автомобильдерге сатудан кейінгі қызмет көрсетудің барлық салаларына арналған кешенді шешімдерін ұсынды.

Көрме өткізілуінің екі күні ішінде Қазақстан мен Қырғызстанның мамандары соңғы жаңалықтармен танысты, тауарлардың: авто қосалқы бөлшектер, автоқұрауыштар және шығын материалдары, диагностикалық жабдық, майлар және майлағыштар, автохимия, автокосметика және автомобильге күтім жасау құралдары, автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсетуге арналған басқа да ажырамас бөліктер тәрізді бағыттар бойынша артықшылықтарын бағалады.

PHAETON EXPO’2019 көрмесіне Қазақстанның 17 астам қаласынан және елді мекенінен, сондай-ақ, Мәскеу, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 1700 артық адам келді. Келушілердің 65% артығы – бизнес жетекшілері, сату жөніндегі менеджерлер, сондай-ақ, автосервис мамандары, 30% артығы – жеке тұлғалар, автокөлік иелері және әуесқой автомобильшілер, мемлекеттік қызметкерлер және бейінді ЖОО студенттері. В2В, сондай-ақ, В2С секторларындағы аудиторияны тіркеу мен хабарландырудың дұрыс ұйымдастырылуының арқасында PHAETON EXPO Халықаралық мамандандырылған көрмесі қатысушылары мен келушілері арасындағы өзінің маңыздылығын тағы да растады.

Өз экспозицияларын сала көшбасылары, сондай-ақ, Қазақстан нарығына жақында кірген компаниялар да ұсынды. Бұл компаниялардың стендтерінде автосервис саласының соңғы жетістіктері мен жаңалықтарымен таныс болуға, автоқұрауыштар нарығының әлемдік жаңалықтары мен заманауи беталыстарын білуге, MS Motorservice, Bosch, Kyb, Denso, Carberry, Elring, NRF, Ngk, Winkod, Bilstein group, Dayco, Meiji, CTR, Dolz, Japanparts, Lesjofors, Mann-filter, Castrol, Osram, Contitech, MK Kashiyama, BorgWarner, Mahle, Schaeffler, ZF, Gates, FMG RoadHouse, NPR, Luzar, Mitsuboshi, Meyle, Bilstein, Sangsin Brake, Febest, ERA, LAVR білікті кеңесін алуға болды.

Көрме ұйымдастырушылары PHAETON EXPO’2019 бас серіктесі - MS Motorservice компаниясына, сондай-ақ, көрменің титулдық серіктестері - BOSCH және KYB компанияларына көпжылдық табысты серіктестік пен көрсетілген сенім үшін ерекше алғыс білдіреді.

PHAETON EXPO’2019 мамандандырылған экспозициясының шеңберінде көрме келушілерінің қызығушылығын тудырған жабдықтардың соңғы жаңалықтары мен жаңа енгізілімдері ұсынылды. 2019 жылдың басынан бастап BOSCH компаниясы Қазақстанда eXtra бейілділік бағдарламасын қосты. Бөлшек сауда дүкендеріне және ТҚКС арналған бұл бағдарлама да көрмеде таныстырылды. Оның арқасында BOSCH сапалы қосалқы бөлшектерін сатып алу арқылы балл жинауға, содан кейін оларды каталогтағы әр түрлі сыйлықтарға – брендтелген киімге, тұрмыстық техникаға, Apple өніміне және басқаларға айырбастауға болады. Gates компаниясы газ үлестіру жүйесіне арналған бөлшектер және аспалы жабдық жетектер сұрыпталымын ұсынды. Бұл жолы көрмеде сұйықтықты салқындату жүйесінің сорғылары және салқындату жүйесінің келте құбырларының кеңейтілген сұрыпталымы көрсетілді. KYB компаниясы көрмеде «темірден» басқа қажетті амортизаторды немесе серіппені бірден таңдауға, үш жылдық кепілдік, қандай да бір қағаз құжаттарды рәсімдеусіз, онлайн қолжетімді болған операциялар санының артуын білуге мүмкіндік беретін меншікті порталдың кеңейтілген функционалын көрсетті. Көрмеде Mahle компаниясы стенд қонақтарына сүзгілерден басқа қозғалтқыштар бөлшектерін, турбиналарды, термостаттарды қамтитын кең сұрыпталымы жайлы әңгімеледі. Bilstein group сервистің көптеген маңызды үдерістерін оңтайландыру үшін жақында жергілікті нарықтағы ынтымақтастық үшін техникалық мамандарды тартуды бастайтыны жайлы айтты. Gates компаниясы газ үлестіру жүйесі мен аспалы жабдық жетектеріне арналған бөлшектер сұрыпталымын ұсынды. Бұл жолы көрмеде сондай-ақ сұйықтықты салқындату жүйелерінің сорғылары және салқындату жүйесінің келте құбырларының кеңейтілген сұрыпталымы көрсетілді. NPR компаниясының стендінде қозғалтқыш бөлшектері: шығыршықтар, піскектер, гильзалар, ішпектер және клапандар ұсынылды. Жақында өнім сұрыпталымы су және май сорғыларымен кеңейтілді, сондай-ақ жапониялық және кореялық автомобильдерінің қозғалтқыштарына арналған шығыршықтар қосылды. Denso компаниясы Phaeton Expo 2019 көрмесінде негізгі сұрыпталымын: оталдыру білтелерін, лямбда-зондтарды, компрессорларды, сөре генераторларын, дизельді құрауыштарды көрсетті. Жаңалықтар арасында стендте жеңіл автомобильдерге арналған Enduro Vision қаңқалы және қаңқасыз қылшақтары болды. Бұл өнім нарыққа 2019 жылдың қаңтарында кіріп, бүгінгі күні әуесқой автомобильшілер қажеттіліктерінің басым бөлігін қамсыздандырады. CTR компаниясының стендінде компанияның негізгі сұрыпталымы ұсынылған: аспа және рульдік басқару бөлшектері, резеңке-металл бөлшектер, тежегіш қалыптары және амортизаторлар. Компания өкілдері бүгінгі күні ауыр жүктемеге төзімді жаңа пластик түрлері әзірленуде екенін айтты. CTR шарлы тіреуін сынаудың бір түрі жүктемемен шамамен 500 мың қозғалыс циклін қарастырады, ол автомобильді бес жыл пайдалануға шамалас. Osram компаниясы жаңалық ретінде Night Breaker Lazer галоген және ксенон шамдарының жаңартылған желісін ұсынды. Бұл жарық көздерінің жарықтық көрсеткішінің өсуі сәйкесінше 150 және 200% құрайды. Маңыздысы – оларды қолдану жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда рұқсат етілген. Компания стендінде Neolux ксенон шамдарын да көруге болды, оларға кепілдік бір жылды құрайды. Мұндай тиімді ұсыныс тек ТМД елдеріне таралады, Еуропа үшін қарастырылмаған. Bilstein компаниясы кепілді кезеңнен кейінгі қызмет көрсету нарығына ұсынатын негізгі технологиялар мен өнімдердің жетекші желісін ұсынды. Lesjofors компаниясы жоғары сапасы мен техникалық сипаттамаларының арасында жоғары сұранысқа ие бұрандалы серіппелерді ұсынды. ZF компаниясының өкілдері қонақтарға түпнұсқаны сәйкестендіруге және жалған өнімнен сақтануға мүмкіндік беретін ZF Pathfinder қосымшасы жайлы әңгімеледі. Сонымен бірге, бөлшектер мен шығын материалдарын ешқашан жалған өнім саудасымен айналыспайтын Phaeton DC тәрізді ресми жеткізушілерден сатып алу қажеттілігін еске салды. Компания стендінде жаңалықтар арасында Phaeton DC компаниясының сұрыпталымына енгізілген, 9-сатылы трансмиссияға арналған май көрсетілді. Көрме ұйымдастырушысы нарыққа жас, танымалдылығы өсіп келе жатқан Winkod қазақстандық брендінің екі жаңа тауарлық тобын – аспа бөлшектері мен амортизаторларды ұсынды. Жаңалықтар «баға-сапа» санатындағы сәтті қатынасымен сервисмендер мен әуесқой автомобильшілердің қызығушылығын тудырды. Бүгінгі күні Winkod 800 артикулдық позициясы бар және 2019 жылы позициялар санын 3000 дейін арттыру ойы бар. Қазіргі кезде бренд еліміздің барлық ірі қалаларындағы Phaeton DC 19 филиалында ұсынылған. Одан басқа, 2019 жылы Phaeton DC компаниясы Phaeton Logistics (PHL) сауда маркасымен жаңа қызметті қосты. Көлік-логистика қызметтері саласында жинаған тәжірибесі мен білімінің арқасында Компания бизнеске арналған ең тиімді шешімдер ұсынуды негізгі мақсат етіп қойды. Бүгінде компанияда әрбір клиент үшін жүкті «есіктен есікке» мерзімінде жеткізуді ұйымдастыруға дайын жоғары білікті мамандар штаты қалыптастырылған!

Көрменің ауқымды іскерлік бағдарламасы автомобиль және жанармай құю сервисін дамытудың ең өзекті мәселелерін қарастыратын іс-шараларды қамтыды. Екі күн ішінде мамандар: - ақауларды іздеу мен ауыстыру бойынша автодиагносттар арасындағы байқауларға; - WINKOD қалыптарын және NGK білтелерін ауыстыру бойынша байқауларға; - тәжірибелік ақпараттық сессияға: Bosch жабдығын пайдаланумен, көлік құралдарына диагностика жүргізудің заманауи әдістеріне; - MS Motorservice компаниясынан тәжірибелік шеберлік кластарына; - РФ автохимияның ірі өндірушісі LAVR компаниясынан шеберлік кластарына көңіл бөлді. Одан басқа, көрме алаңының екі аумағында бастауыш мамандарға, сондай-ақ, өз саласының кәсіпқойларына арналған семинарлар мен тренингтер өтті. Тауардың техникалық сипаттамалары, пайдалану ерекшеліктері мен жаңалықтары жайлы көбірек білуге ниет білдіргендердің барлығы үшін көрме қатысушылары «дөңгелек үстел» форматында сұрақтарға жауап беріп, қысқаша тұсаукесерлер өткізді.

Көрме алаңында орналастырылған көптеген тақырыптық аумақтар кәсіпқой мамандар үшін де, шараның кішкентай қонақтары үшін де қызықты болды. Балалар көңілді костюм киген аниматорлары, планетариі, белсенділік және шеберлік кластары аумағы бар арнайы балалар алаңын жоғары бағалады. Виртуалды шындық аумағында және lounge-аумақта келушілер уақытын жайлы өткізіп, тыныға алды, тамақтанып, өз ойларымен бөлісті. PHAETON EXPO’2019 орталық сахнасында көрме ұйымдастырушылары, сондай-ақ Denso, LAVR, MS Motorservice, ZF, DOLZ, Bosch, DAYCO компаниялары тамаша сыйлықтар ұсынған ұтыстар мен байқауларға қатысуға дайын келушілерге толы болды.

Множество тематических зон, которыми были обустроен выставочный павильон не позволили скучать как профессионалам своего дела, так и маленьким гостям мероприятия. Специальная выделенная детская площадка с веселыми костюмированными аниматорами, планетарием, зоной активностей и мастер-классов была по достоинству оценена детьми. В зоне виртуальной реальности и lounge-зоне посетители могли приятно провести время и перевести дух, перекусить и просто поделиться впечатлениями и эмоциями. А центральная сцена PHAETON EXPO’2019 время от времени собирала большое количество посетителей, готовых участвовать в лотереях и конкурсах, которые проводили организаторы выставки, а также компании: Denso, LAVR, MS Motorservice, ZF, DOLZ, Bosch, DAYCO, одаривая потрясающими подарками всех счастливчиков.

PHAETON EXPO’2019 көрмесінің экспозициясы автомобиль және жанармай құю сервисінің, автомобиль афтемаркетінің көптеген бағыттарын қамтыды. Ұйымдастырушылар алдына қойған және қол жеткізген негізгі мақсат – авто қосалқы бөлшектер нарығының әлемдік өндірушілері мен бірегей білімнің арқасында жаңа перспективалар ашқан түпкілікті тұтынушылар арасында тиімді ақпараттық алаң тудыру болды.

Экспоненттердің көпшілігі кәсіби аудиторияның сапалық және сандық өсуін атап өтіп, келесі жылы көрмеге қатысуын растады.

Көрме ұйымдастырушысы - Phaeton DC компаниясы.
Phaeton DC– 15 жыл бойы ҚР нарығындағы автоқұрауыштардың ірі дистрибьюторы және Сіздің сенімді серіктесіңіз!